Автокөліктерді заңсыз тіркеу: Мемлекетке келген шығын 11 миллиард теңгеден асты

/
Автокөліктерді заңсыз тіркеу: Мемлекетке келген шығын 11 миллиард теңгеден асты
istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі соңғы үш жыл ішінде көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым төлеуден жалтару фактілері бойынша 88 қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл істер бойынша 1 800-ден астам автокөлік заңсыз тіркелген. Мемлекетке келтірілген залал 11,8 млрд теңгені құрады.

Күдікті ретінде 70 адам танылды, олардың қатарында Әкімшілік полиция басқармасының басшылары мен қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері және нотариустар бар.

Нәтижесінде мемлекетке 900 млн теңге көлемінде алымдар төленді. Сонымен қатар, құны 31 млрд теңге болатын 1 500 автокөлікке және 968 млн теңгенің күдіктілерге тиесілі мүлкіне тыйым салынды.

Мысалы, Ақмола облысында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері бар топқа қатысты үкім шығарылды. Олар 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта 55 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеу арқылы мемлекетке 401 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Сот оларды 2,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, мемлекет кірісіне жалпы құны 125 млн теңгені құрайтын 3 пәтер мен жеке тұрғын үй, сондай-ақ 21 млн теңге ақшалай қаражат тәркіленді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары