Темекі қорабы: 24 жастағы қызды өлтірген қылмыскер 47 жылдан соң ұсталды

Темекі қорабы: 24 жастағы қызды өлтірген қылмыскер 47 жылдан соң ұсталды
istockphoto.com

АҚШ-та 1977 жылы жас қызды өлтірген қылмыскер қамауға енді алынды, деп хабарлайды turkystan.kz People-ға сілтеме жасап.

24 жастағы Жанетт Ралстон 1977 жылдың 21 қаңтарында Сан-Хосе қаласындағы автотұрақ маңында өлі күйінде табылған болатын. Қылмыскер оны зорлап, кейін қылқындырып өлтірген.

Бұл қылмыстың беті 47 жыл бойы ашылмаған. Былтыр жазда тергеушілер соңғы рет қылмыскерді іздеу жұмысына кірісіп, Федералды тергеу бюросының базасындағы саусақ іздерін жіті зерттеген. Үлкен ауқымда жүргізілген зерттеу нәтижесінде Ралстонның көлігіндегі темекі қорабында қалып қойған саусақ іздері анықталды. Іздестіре келе бұл саусақ іздері 69 жастағы Вилли Юджин Симске тиесілі екені белгілі болды.

Симс қылмыс жасалған кезде әскери қызметкер болған. Полицейлер аймақ тұрғындарынан ДНҚ үлгілерін жинамас бұрын басқа штаттқа көшіп кеткен. 2025 жылдың басында тергеушілер ол тұрып жатқан Огайо штатына барып, одан ДНҚ үлгісін алған. Бұл Ралстонның көлігінен табылған іздерге сәйкес болып шықты.

Қазір 69 жастағы Симс түрмеге тоғытылды. Оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары