Биткоин бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

/
Биткоин бағасы рекордтық көрсеткішке жетті
istockphoto.com

Биткоин бағасы тарихта алғаш рет 111 мың доллардан асты. Осылайша жаңа тарихи рекорд орнатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

CoinMarketCap хабарлауынша биткоин соңғы бір тәулікте 3,67 пайызға өсіп, 111 746 долларға жеткен.

Бұған дейінгі рекорд АҚШ президенті Дональд Трамптың инаугурациясы қарсаңында тіркелген болатын. Ол кезде биткоин 108 доллардан саудаланған еді.

Сарапшылар егер осылай жалғаса берсе биткоин жыл соңына дейін жаңа рекордтар орнатуы мүмкін дейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары