Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 36 млн теңгеден астам салықты заңсыз деп таныды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Мемлекеттік кірістер департаментінің 2021-2022 жылдардағы салықтық тексеру нәтижелеріне, салынған 36,6 млн теңгеден астам салыққа, есептелген өсімпұлға арыз түсірген.
Талап қоюшы өз ұстанымын растау үшін шарттарды, қабылдау актілерін, төлем құжаттарын және басқа да бастапқы бухгалтерлік құжаттарды ұсынды. Жауапкер талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған.
Сот әкімшілік талап қоюды қанағаттандырды, тексеру нәтижелері туралы хабарламаны қосымша есептеулер бөлігінде заңсыз деп таныды және жалпы сомасы 36,6 млн теңгеге салық есептеулерінің, сондай-ақ тиісті өсімпұлдың күшін жойды.
Сонымен қатар, сот талап қоюшыға 438 мың теңге көлемінде төленген мемлекеттік бажды қайтарды.