Астаналық келіншек қаржы пирамидасын құрып, салымшылардан 286 млн теңге алған

/
Астаналық келіншек қаржы пирамидасын құрып, салымшылардан 286 млн теңге алған
istockphoto.com

Астаналық келіншек «Happy Life KZ» ЖШС-нің құрылтайшысы бола отырып, осы компанияны пайдалану арқылы 2016 жылы қаржы пирамидасын құрған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол желілік маркетинг түріндегі матрицалық жүйені қолданып, компанияға кейін келген салымшылардың ақшасынан бұрын келген салымшыларға үлес беріп отырған.

Заңсыз іс-әрекетін жасыру үшін «Айсәуле» және «Қазбад» брендтерімен емдік сабын, сұлы сүті қосылған сабын, сүт сабыны, жақпа майды, сусабындарын, бетке арналған маскаларды, сарысулар мен тағамдық қоспалар сияқты нарықтық құны төмен тауарларды пайдалану үшін арнайы стратегияны әзірлеген.

2016-2024 жылдар аралығында пирамиданың қызметі бірқатар «Маркетингтік бағдарламалардың» мұқабасында жарияланып, оның шеңберінде салымшылардан таңдалған бағдарламаға байланысты 7 500 теңгеден 1 600 000 теңгеге дейін кіру жарнасы алынған.

Алайда компанияға ақша салған соңғы салымшылар өз қаражаттарын ала алмаған.

2016 жылдан 2024 жылға дейін күдікті жалпы сомасы 286 миллион теңгеден астам қаражат иемденген. Оның ішінде 35 жәбірленушіге  жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асатын материалдық зиян келтірген.

Сотта ол өз кінәсін мойындамады.

Сот оны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары