16 жастағы бозбала танысының арқасына қайшы тығып алғаны үшін сотталды

/
16 жастағы бозбала танысының арқасына қайшы тығып алғаны үшін сотталды
istockphoto.com

Қызылорда облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған  бозбалаға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

17.01.2009 жылы туған сотталушы 2024 жылдың қазан айында кешкі сағат 20:30 шамасында өзімен бірге алып жүрген қайшысын кәмелетке толмаған жәбірленушінің арқасына сұғып алған. Осылайша оған ауыр дәрежелі дене жарақатын салған.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының  2-бөлігінің 7)-тармағымен кінәлі деп танылып,6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары