Астанада вейп сатқан жас жігіт ұсталды

/
Астанада вейп сатқан жас жігіт ұсталды
polisia.kz

Астана қаласы полиция департаментінің жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тыйым салынған өнімді таратты деген күдікпен 29 жастағы азаматты ұстады. Ол 2021 жылдан бері елордадағы темекі дүкендерінің бірінде заңсыз вейп сатумен айналысып келген.

Тексеру кезінде полиция қызметкерлері 77 дана электронды темекі тәркіледі. Күдіктінің айтуынша, бұл тыйым салынған тауарлар әлеуметтік мессенджер арқылы көтерме бағамен тапсырыс арқылы жеткізіліп отырған.

Электронды темекіге салынған тыйымға қарамастан, дүкен қызметі жалғасып, өнімдер әлеуметтік желілер арқылы сатылып, курьерлер тұрақты клиенттерге жеткізіп отырған. Бір вейптің бағасы 9 мыңнан 17 мың теңгеге дейін жеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары