16 жастағы жасөспірім оқушыларды ЖИ көмегімен пышақтап кеткен

/
16 жастағы жасөспірім оқушыларды ЖИ көмегімен пышақтап кеткен
Ашық дереккөзден

Финляндияда 16 жастағы жасөспірім орта мектепте үш оқушыны пышақтап, кейін өзі де жараланды. Жасөспірім шабуылды ұйымдастыруға көмектескен құрал ретінде ChatGPT жасанды интеллект платформасын қолданған, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 2025 жылдың көктемінде орын алған. Жасөспірім мектепке толықтай қара киіммен келген. Киіміне экшн-камера орнатып, шабуыл сәтін бейнежазбаға түсірген. Жергілікті деректерге сүйенсек, видео кадрларында оқушының әжетханадан шығып, қыздар тобына қарай бет алғаны, кейіннен оқу орнында айқай мен дүрбелең басталғаны көрінеді.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, шабуыл салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге жарияланбады, алайда олардың өміріне қауіп жоқ екені хабарланды.

Фин БАҚ-тың хабарлауынша, күдікті бұл шабуылды шамамен алты ай бойы жоспарлаған. Сол уақыт аралығында ол ChatGPT нейрожелісінің көмегімен жоспар құрып, қажетті ақпараттарды жинағанын мәлімдеген.

Тағы бір маңызды дерек — шабуылдаушының алдын ала манифест жариялауы. Онда ол тек әйелдерге бағытталған әрекет жасайтынын ашық жазған. Бұл факт тергеу аясында жекелеген мотивациялық себептерді анықтауға негіз болмақ.

Аталған жағдай қоғамда жасанды интеллектінің қауіпсіздік мәселелеріне қатысты алаңдаушылықты күшейтті. Әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқыланып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары