Алаяқтар Алматы тұрғынынан 19 млн теңге алып кеткен

/
Алаяқтар Алматы тұрғынынан 19 млн теңге алып кеткен
istockphoto.com

Алматыда «Sim-box» қолдану арқылы жасалған алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.  

Алматы тұрғыны «қауіпсіз шот» туралы жалған ақпаратқа сеніп, қаскүнемдерге 19 миллион теңгеден астам қаржысын берген.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық топ нөмірлерді ауыстыруға және шығыс қоңырауларын жасырын етуге мүмкіндік беретін «Sim-box» құрылғысын қолдана отырып әрекет еткені анықталды.

Жалға алынған пәтерлердің бірінен ұялы операторлардың 1500-ден астам SIM-картасы, ұялы телефондар, ноутбук, роутер және құқыққа қайшы әрекеттер жасау үшін қолданылған құрылғының өзі тәркіленді. 

Іс бойынша екі күдікті ұсталды. Олардың біреуі «дроппер» - ақша қаражатын алушы рөлін атқарған, екіншісі алаяқтық схеманы техникалық сүйемелдеуге жауап берген. 

Тергеп-тексеру барысында ұрланған 7,8 миллион теңге сомасындағы қаражатқа тыйым салынды. 

Сот екеуін де қазіргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Олар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары