Тоқаев Румыния президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

/
Тоқаев Румыния президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор», – делінген жеделхатта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары