Кәсіпкерді пара беруге итермелеген азамат 11 жылға сотталды

/
Кәсіпкерді пара беруге итермелеген азамат 11 жылға сотталды
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласының тұрғыны Е. Байқожаға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол алаяқтық жасағаны үшін және кәсіпкерді лауазымды тұлғаларға 50 млн теңге пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Ол кәсіпкерді «Чапаев – Жаңақала – Сайхин» автожолын күрделі жөндеуден өткізу жөніндегі келісімшарттың жалпы сомасынан 30% мөлшерінде аванс алу үшін әкімдіктің лауазымды тұлғаларына пара беруге итермелеген.

Сот үкімімен күдікті 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымға орналасуға өмір бойына тыйым салынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары