Түркістан облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

/
Түркістан облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады
Түркістан облысының Білім басқармасы

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тесттен 140 ұпай алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Ұлттық бірыңғай тестілеуде ирформатика пәнін таңдаған.

«Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі – табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі.

Жәнібек Асқарұлы – арманға жетудің мүмкін екендігін дәлелдеген жастың бейнесі. Оның табандылығы,жауапкершілігі,уақытты тиімді пайдалануы мен өзіне деген сенімі – өзге оқушыларға үлкен үлгі», - делінген Түркістан облысының Білім басқармасының хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары