Жақын күндері найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады

/
Жақын күндері найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады
istockphoto.com

Қазгидромет 20-22 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша жақын күндері республика аумағына циклон әсер етеді. Кейбір өңірлерде қатты жел соғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді. Тек шығыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 20-21 мамыр күндері ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Батыс Қазақстанда 20 мамыр күні түнде, Ақтөбе облысында 22 мамыр күні күндіз нөсер жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста дауыл тұрады. Оңтүстік-батыс пен шығыста тұман түседі», - делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • батыста, солтүстік-батыста күндіз 18-28 градустан 15-25 градусқа түседі;
  • солтүстікте 20-26 градустан 20-29 градусқа көтеріледі;
  • орталық пен шығыста 20-28 градустан 22-33 градусқа көтеріледі;
  • оңтүстікте 25-35 градустан 28-38 градусқа көтеріледі;
  • оңтүстік-шығыста 22-30 градустане 30-38 градусқа дейін көтеріледі.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары