Қарағанды тұрғыны іші ауырып, дәрігерге жүгінген. Оған хирург плеврит деген диагноз қойып, облыстық ауруханада ота жасалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ота тоғыз сағатқа созылған. Одан кейін пациентті фтизиатрия орталығына ауыстырған. Ол жерде қайтара рентген түсіргенде оң жақ кеудесінен медициналық ине табылған. Дәрігерлер қайтадан ота жасау туралы шешім қабылдаған.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылданады.
«2025 жылдың 19 мамырында аталған пациент жағдайы жақсарып, амбулаторлық емге жіберілген. Рентген динамикасы жақсы. Тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысынан кейін денсаулыққа зиян бар-жоқтығы туралы мәселе шешіледі», - деді ведомство.