17 мамыр күні сағат 18:30 шамасында павлодарлық ер адам биіктіктен құлап, мерт болды.
Полиция департаменті аулада табылған мүрдеге қатысты сотқа дейінгі тексеру бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
«Малайсары батыр көшесінде шамамен 30 жастағы белгісіз ер адамның денесі табылды. Ол биіктіктен құлағандықтан, ауыр жарақат алып, қайтыс болды», – деді жедел жәрдем стансасынан.
Айта кетейік, мекенжай бойынша орналасқан үйде 12 қабат бар.