Қызылорда облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қызылорда облысының прокуратурасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғанын анықтады.
Прокуратура сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдаған.
Аталған факт бойынша сот есепшіге 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.