Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе отырып, халықаралық есірткі арналарын жоюға бағытталған екі арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды.
Заңсыз айналымнан 20 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.
Есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.