Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

/
Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен және БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақодраның баспасөз қызметі хабарлады.

Шет мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары