Алматы қаласының прокуратурасы автомобиль және теміржол тасымалы саласында жұмыс істейтін «Каскор-Транссервис» АҚ акцияларын мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2019 жылы мемлекет пен «Aktau Petrol Ticaret AS» шетелдік мұнай компаниясы арасында бітімгершілік келісім жасалған. Келісім бойынша инвестор активтерді экспроприациялауға байланысты дауды реттеу шеңберінде «Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясын мемлекетке өз еркімен беруге тиіс болған. Алайда даулы акциялар «Oil Stream» ЖШС-нің иелігінде болған.
Осыған байланысты прокуратура мемлекет мүддесі үшін мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгінді. Нәтижесінде көлік компаниясының акциялары мемлекетке қайтарылды.