Күніне үш құрма жегеннің пайдасы қандай?

/
Күніне үш құрма жегеннің пайдасы қандай?
istockphoto.com

Құрманы күнде жеңіз. Егер сіз күніне кепкен үш құрма жесеңіз, оның құрамындағы калий мен магний қан қысымыңызды тұрақтандырып, спазмдарды кетіреді. Бұл жүрек ауруларының алдын алады.

Жасұнық ішекті тазартады, темір гемоглобинді қажетті деңгейде ұстайды. Сондай-ақ құрмалардың құрамында антиоксиданттар бар. Ол сізді жасартып, иммунитетіңізді нығайтады. Теріңізді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.

Осынша пайдалы қасиетіне қарамастан құрманың құрамында табиғи қант бар. Үш құрма шамамен 60-75 калорияны береді. Сондықтан егер сіз калорияны санап, глюкозамен күресіп жүрсеңіз, глюкозаны өлшеп отырғаныңыз дұрыс.

Үш құрманы таңертең немесе күндіз жеген дұрыс. Оларды жаңғақпен немесе табиғи йогуртпен бірге жеген пайдалы. Ал кешкісін құрма жемеген жөн. Себебі ұйықтар алдында глюкоза тұтынбаған дұрыс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары