АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросының (ФТБ) бұрынғы директоры Джеймс Коми әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жұмбақ 8647 санын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл көпшіліктің де, арнайы қызметтердің де назарын аударды. Желі қолданушылары құпия санның сырын талқылап әлек.
Әсіресе, кіші Дональд Трамп тез реакция танытты. Ол бұл жазбаның өзінің әкесі Дональд Трампқа қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл сан зорлық-зомбылыққа шақырады.
Reuters агенттігінің мәліметінше, америкалықтардың тілінде «86» саны «құтылу» немесе «құртуды» білдірсе, «47» саны АҚШ-тың 47-ші президенті Трампты көрсетуі мүмкін. Трамптың кейбір жақтастары бұл постты Трамптың көзін құртуға шақыру ретінде қабылдаған.
Қазір тиісті органдар жазбаның шыққан уақыты мен түпкі мақсатын тексеріп жатыр. Комидің өзі бұл мәселеге қатысты әлі пікір білдірген жоқ.