Ағасын өлтірген азамат 8 жылға сотталды

/
Ағасын өлтірген азамат 8 жылға сотталды
istockphoto.com

Оқиға 2024 жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ағайындылар арасында жанжал туындап, ағасы інісінің еш жерде жұмыс істемейтінін айтып, ұрысқан.

Ішімдік ішіп, бас болған інісі қолына асхана пышағын алып, ағасының сол жақ кеуде тұсына сұғып алған. Ағасы сол жерде жан тапсырған.

Сотта інісі өз кінәсін мойындап, өкінген. Сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары