Қауіпті қылмыскер Армениядан экстрадицияланды

/
Қауіпті қылмыскер Армениядан экстрадицияланды
istockphoto.com

Қауіпті қылмыстарды қайталаған қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық қорғау органдары бұрын бірнеше рет сотталған Қазақстан азаматын кісі өлтіруге оқталғаны үшін Ереваннан экстрадициялады.

Күдікті 2024 жылдың қыркүйегінде Петропавл қаласында мас күйінде жәбірленушінің өмірлік маңызды органдарына бірнеше рет пышақ сұққан. Жәбірленушіге шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, аман қалған.

Қылмыс жасағаннан кейін шабуылдаушы қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.

Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары