Алаяқ 6 сынып оқушысын алдап, 2 млн теңге алған

/
Алаяқ 6 сынып оқушысын алдап, 2 млн теңге алған
polisia.kz

Шымкентте оқушыны алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері "Anti-fraud" іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады.

Ол "Free Fire" мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп өзгенің 2 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген.

6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп, карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған.

Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.

Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары