Павлодарда 102 жастағы соғыс ардагері өмірден өтті

/
Павлодарда 102 жастағы соғыс ардагері өмірден өтті

Павлодарда 102 жасына қараған шағында Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Курбатова өмірден озды, деп хабарлады turkystan.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 19 жасында майданға өз еркімен аттанып, мерген атанып, Украина, Польша және Чехословакияны азат ету шайқастарына қатысты.

Мария Даниловна елге “Ерлігі үшін”, “Жауынгерлік еңбегі үшін”, “Германияны жеңгені үшін” медальдарымен, Отан соғысы және Жуков ордендерімен оралды.

Соғыстан кейін бастапқы әскери дайындық пәнінен сабақ беріп, бухгалтер болып жұмыс істеп, отбасын құрды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары