Дүкеннен бірнеше мәрте балалар киімін ұрлаған 50 жастағы күдікті ұсталды

/
Дүкеннен бірнеше мәрте балалар киімін ұрлаған 50 жастағы күдікті ұсталды
istockphoto.com

Қарағанды қаласында балалар киімдерін ұрлады деген күдікпен 50 жастағы ауыл тұрғынына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол қаладағы сауда үйлерінің бірінде орналасқан бутиктен бірнеше мәрте ұрлық жасаған.

Зардап шеккен — 34 жастағы кәсіпкер әйел. Алғашқы ұрлық дерегі бірнеше апта бұрын тіркелген. Сол кезде бутик сөресінен құны 24 550 теңге болатын спорттық костюм жоғалған. Арада екі апта өткен соң күдікті қайта оралып, бұл жолы жалпы құны 30 мың теңге болатын үш балалар күртешесін алып кеткен.

Кәсіпкердің шағымынан кейін Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталып, оның тұрғылықты мекенжайы бойынша полицияға жеткізілді.

Тергеу барысында ер адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп, ұрлық фактісіне қатысты нақты заттай және куәгерлік дәлелдер жиналды. Қылмыстық іс материалдары аяқталып, процессуалдық тәртіппен сот қарауына жолданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары