Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзаларын 15 млн теңгеге сатпақ болған

/
Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзаларын 15 млн теңгеге сатпақ болған
istockphoto.com

Ақтөбе облысының прокуратурасы өзінің ішкі ағзаларын сатпақ болған адамды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алынған мәліметтер негізінде облыс прокуратурасының қаулысына сәйкес облыстық полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

2025 жылдың 30 сәуірінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы соммасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдіктіні ұстады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары