Талғарда заңсыз айналымнан 100 келі мефедрон тәркіленді

/
Талғарда заңсыз айналымнан 100 келі мефедрон тәркіленді
polisia.kz

Полиция қызметкерлері Алматы облысында өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Есірткі өндірісі Талғардағы фермалардың бірінде ұйымдастырылған.

Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 кг дайын өнім, мефедрон тәркіленді.

Осылайша жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары