Шығыс Қазақстан облысында зейнеткер өз атына заңсыз несие рәсімделгенін айтып, полицияға арызданған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тұрғынның айтуынша, танысы оның үйінің ауласында жүрген кезде телефонын аз уақытқа пайдалануға рұқсат сұраған. Алайда құрылғы қолына түскен соң, күдікті бір банктың қосымшасы арқылы жәбірленушінің атына онлайн несие рәсімдеп, кейіннен 700 000 теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп алған.
Полиция қызметкерлері 37 жастағы күдіктіні анықтады және ол жасаған әрекетін мойындады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.