Елордада тәртіп сақшылары ұрыны ұстап, ұрланған ноутбуктерді тәркіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция қызметкерлері төрт ноутбукты ұрлап, ломбардқа өткізген 25 жастағы күдіктіні ұстады.
Күдікті менеджер болып жұмыс істей жүріп, қызметтік міндетіне деген сенімді теріс пайдаланып, кеңседен төрт ноутбукты ұрлаған.
Ол ұрланған мүлікті ломбардқа өткізіп, одан түскен қаржыны құмар ойындарға жұмсағанын мойындады.
Әр ноутбуктің бағасы шамамен 250 мың теңге шамасында болған.
Жедел шаралар барысында тәртіп сақшылары ұрланған заттарды ломбардтан қайтарып алды.
Аталған фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Полиция азаматтарды жұмыс орнында адал болуға және құмар ойындардың салдарынан құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.