Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жасөспірімнің анасына қатысты істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
03.10.2011 жылғы кәмелетке толмаған ұл баланың көлік жүргізуге құқығы болмаған. Соған қарамастан ол Сұлутөбе ауылы маңында көлік жүргізген.
Яғни, ұлдың анасы кәмелеттік жасқа толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетке баруына жол берген.
Сот қаулысына сай жасөспірімнің анасы кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.