Әлеуметтік желілерде және қоғамда «Елге көмек» атты қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариевке қатысты даулы деректер таралуда, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы azattyq-ruhy жариялады. Белгілі заңгер Нұрсұлтан Орынбектің айтуынша, Сариевтің қор қаржысын мақсатсыз жұмсағаны туралы түрлі мәліметтер пайда болған.
Заңгердің сөзінше, қор басшысы құмар ойынға бейім және шоу-бизнеске бет бұруды да көздеп жүрген болуы мүмкін. Ол Ілияс Сариевтің танымал әнші Садраддиннің концертіне 50 миллион теңгеге жуық қаржы бөлгені жайлы қауесеттің қоғамда кең таралғанын атап өтті.
«Бұл жай ғана әңгіме емес, ел ішінде жиі айтылып жүрген жайт. Мұны естіп те, көріп те жүрміз. Садраддиннің концертіне үлкен сома бөлінді дегенді көпшілік ауызынан естіп қалдық. Бұл жерде әншінің өзі емес, қаржыны бөлген тараптың әрекеті күмән тудырып отыр. Сондықтан бұл жағдайды мұқият тексеру керек», — дейді Нұрсұлтан Орынбек.
Ол егер бұл факт рас болып, бөлінген қаржы шынымен де заңсыз жолмен алынғаны анықталса, онда әнші халықтың сенімін ескере отырып, этикалық тұрғыдан қаражатты қайтаруы орынды болар еді деген пікірде.