Тамырға чип орнатылады: iPhone-ды оймен басқаратын функция пайда болады

/
Тамырға чип орнатылады: iPhone-ды оймен басқаратын функция пайда болады
сурет: istockphoto.com

Apple компаниясы iPhone-ды тек ой күшімен басқаруға мүмкіндік беретін жаңа технология әзірлеп жатыр. Бұл үшін арнайы нейроинтерфейс – мидың жанындағы тамырға енгізілетін шағын чип қолданылады. Ол моторлық қыртыстан келетін сигналдарды оқи алады.

Бүгінде бұл чипті 10 адам сынақтан өткізіп көрді. Ол оймен орындалатын әрекеттерді, мысалы, экранды басқару, мәтін теру немесе қосымшаларды ашу сияқты командаларды сәтті таниды.

Apple бұл технологияны 2025 жылы шығатын iOS 19 жүйесіне енгізуді жоспарлап отыр.

Жобаға Тим Куктың өзі жетекшілік етуде және оны "құрылғылармен қарым-қатынастың жаңа дәуірі" деп сипаттаған.

Дегенмен, бұл технологияның қауіпсіздігі мен кең көлемде қолданылуы туралы нақты ақпарат әзірге жоқ. Сарапшылар мұндай жаңалықтың медициналық және этикалық жақтарын талқылап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары