Даңқ алаңында ерсі би билеген жасөспірім қыздарға айыппұл салынды

/
Даңқ алаңында ерсі би билеген жасөспірім қыздарға айыппұл салынды
istockphoto.com

2025 жылғы 2 мамырда кәмелетке толмаған екі қыз Павлодар қаласындағы Даңқ алаңында болып, Даңқ Обелискі мен Мәңгілік алаудың жанында ұятсыз би билеп, бейнеролик түсірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қыздардың ойында «TikTok» әлеуметтік желісінен көрген трендті  үлгіден кейін биді түсіру идеясы туындаған. Түсірілген бейнеролик Instagram желісіндегі жабық парақшаға «Саябақты қорлаймыз» деген орынсыз жазумен жарияланған.          

Сот кәмелетке толмаған екі қызды әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 10 АЕК 39 320 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары