Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында аутсайдерден жеңіліп қалды

/
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында аутсайдерден жеңіліп қалды
olympic.kz

Ұлттық құрама бұл жолы Мажарстан командасынан жеңілді. Ойын басталысымен-ақ, 15-секундта қарсылас команда есеп ашты. Ал, бірінші кезеңнің соңында басымдығын екі есеге арттырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дегенмен, екінші кезеңнің 34-минутында қазақстандық Никита Михайлис есеп айырмасын қысқартты.

Үшінші кезеңнің басында мажарлар тағы бір жылдам гол соғып, араға үш минут салып, кең құрамдағы сәтті тиімді пайдаланды. Ойын соңына қарай бапкерлер алтыншы ойыншыны шығарғаннан кейін, Валерий Орехов есепті қысқартты.

Қазақстан – Мажарстан 2:4 (0:2, 1:0, 1:2)

0:1 – 00:15 – Хари (Нильсен, Хорват)

0:2 – 18:31 – Тербокс (Хорват, Сонгот)

1:2 – 34:32 – Михайлис (Орехов) артық құрамдағы гол

1:3 – 40:14 – Галло (Хари, Эрдели)

1:4 – 43:35 – Винце (Папп, Хари) артық құрамдағы гол

2:4 – 59:01 – Орехов (Шестаков)

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында үш кездесу өткізді. Алғашқы ойында Норвегияны жеңсе, кейін Германия құрамасынан жеңілген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары