Жетісуда жер телімдері үлескерлерге қайтарылды

/
Жетісуда жер телімдері үлескерлерге қайтарылды
istockphoto.com

Жетісу облысында прокурорлар 100-ден астам үлескердің жерге қатысты құқықтарын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақсу ауданы прокуратурасы «Матай» шаруа қожалығының басшысы 108 үлескердің келісімінсіз үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жайылым жерді сатып жібергенін анықтады.

Прокурордың талап арызы бойынша сот жер пайдалану құқығының сату туралы шартын жарамсыз деп танып, жер учаскелері үлескерлерге қайтарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары