«Ұлы дала жорығы-2025»: Төртінші кезеңде Астана құрамасы мәреге бірінші жетті

«Ұлы дала жорығы-2025»: Төртінші кезеңде Астана құрамасы мәреге бірінші жетті

13-мамыр күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды.

Таңғы 7.00-де 9 команда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаншеңгел ауылының маңынан жорықты жалғап, Іле ауданы, Ақши ауылының маңынан аяқтады.

Төртінші кезең яғни бүгінгі күннің қорытындысы бойынша, Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. Ұлытау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Қырғызстанның бірінші командасы үштікті түйіндеді.

400 км қорытындысы:

Жалпы уақыт

1 Ұлытау облысы 25:21:07

2 Астана қаласы 25:48:04

3 Маңғыстау облысы 25:57:02

4 Қырғызстанның бірінші командасы 26:36:34

5 Алматы облысы 28:07:51

6 Қырғызстанның екінші командасы 31:02:57

7 ШҚО Жарыстан шықты

8 Атырау облысы Жарыстан шықты

9 Қостанай облысы Жарыстан шықты

10 Жетісу облысы Жарыстан шықты

11 Жамбыл облысы Жарыстан шықты

 12 Абай облысы Жарыстан шықты

13 РФ Татарстан Жарыстан шықты

14 Ақмола облысы Жарыстан шықты

15 Қарағанды облысы Жарыстан шықты

16 БҚО Жарыстан шықты

17 Мажарстан Жарыстан шықты

18 Иран Жарыстан шықты

19 Оңтүстік Африка Жарыстан шықты

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон ертең 14 мамыр күні Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында мәреге жетеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі ертең сағат 18:00-де Қонаев қалалық саябағында өтеді.

Қолдау көрсетуші – «AMANAT» партиясы. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары