Ер адамдар әйелдерге қарағанда тез ғашық болатыны анықталды

/
Ер адамдар әйелдерге қарағанда тез ғашық болатыны анықталды
istockphoto

Ер-азаматтар әйелдерге қарағанда ертерек ғашық болады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ғашық болу – адам өміріндегі ерекше, сезімтал кезеңдердің бірі. Ол жүректі сезімге толтырып, түрлі эмоциялармен және ойлармен бірге келеді. Бірақ ғашық болу жеке тәжірибелерден ғана емес, сондай-ақ ғылыми зерттеулерден де көрініс табатын көрінеді. Жақында жүргізілген зерттеу нәтидесі ерлер мен әйелдердің романтикалық махаббатты сезінуіндегі айырмашылықтарды ашып көрсетті.

Австралия Ұлттық Университетінің PhD докторанты Адам Боде мен оның әріптестері жариялаған зерттеу нәтижесі соның айғағы. Олар ерлер мен әйелдердің романтикалық махаббатты бастан кешіруіндегі айырмашылықтарды зерттеген. Бұл зерттеу, әсіресе, ерлер мен әйелдердің махаббатқа деген сезімдерін салыстыруға арналған алғашқы ірі ғылыми жұмыс болып табылды.

Зерттеушілер 33 елде, Еуропа, Солтүстік Америка және Оңтүстік Африкадан 800-ден астам адамның мәліметтерін жинады. Олар өздерін ғашықпын деп сипаттаған адамдарға сұрақтар қойып, олардың махаббат тәжірибелерін зерттеді. Бұл деректер 2022 жылғы "Романтикалық Махаббат Сауалнамасы" атты дүниежүзілік дерекқордың нәтижелері негізінде алынған. Ол әлемдегі ең үлкен романтикалық махаббатты бастан кешіруші жастардың деректерін қамтиды.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ерлер ғашық болуды орта есеппен әйелдерден бұрын бір ай бұрын сезінсе, ал әйелдер өз кезегінде махаббатты кештеу, бірақ ерлерге қарағанда сәл тереңірек сезінетіні белгілі болған.

Ал әйелдер ерлерге қарағанда ғашықтарына көбірек көңіл бөліп, оларды жиі ойлайтын көрінеді. Олар ғашық болған кезде, махаббаттың күштілігі мен шынайылығына ерекше мән береді. Ғалымдар бұл биологиялық және әлеуметтік факторлармен байланысты болуы мүмкін дейді.

Бұл – әйелдер мен ерлердің романтикалық махаббатты бастан кешіруіндегі айырмашылықтарды зерттеген алғашқы жұмыс. Ол түрлі мәдениеттерден жиналған салыстырмалы түрде үлкен үлгіні қамтиды. Әйелдер мен ерлердің романтикалық махаббаттың кейбір қырларында айырмашылықтары бар екенін нақты дәлелдеген алғашқы зерттеу, – деп мәлімдеді Адам Боде.

Зерттеушілер махаббаттың тек басталуын ғана емес, оның бастан өтуін, дамуын және серіктеске деген міндеттемені де зерттеді. Олар, сондай-ақ, ғашық болған адамның қаншалықты құштар болғанын және оның махаббатқа деген ұзақ мерзімді көзқарасын қарастырған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары