Күдікті Қостанай облысының Лисаков қаласының адам көп жиналатын жерлеріндегі ғимараттардың қоршауларына, қабырғаларға есірткі мен психотроптық заттардың жарнамасын салған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол есірткі мен психотроптық заттар сататын телегармм-арналарға сілтеме ретінде граффити салу арқылы заңсыз жарнама жасаған.
Жұмысын орындағаннан кейін смартфонын пайдаланып, телегармм арналарының анықталмаған операторларына есеп жіберіп, ол үшін психотроптық зат түрінде заңсыз сыйақы алып отырған.
Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.