«Біліктілік сынағынан өтуге көмектесемін»: Мұғалімдерге уәде берген алаяқ сотталды

/
«Біліктілік сынағынан өтуге көмектесемін»: Мұғалімдерге уәде берген алаяқ сотталды
istockphoto.com

Шымкент қаласының тұрғыны 2024 жылдың шілдесінде жеңіл табыс табу мақсатымен «WhatsApp» мессенджерінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін аттестаттау тестінен өтуге көмектесетіні туралы жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нәтижесінде ол жәбірленушімен телефон арқылы байланысқа шығып, өзін «Ермахан» деп таныстырып, 200 мың теңгеге мұғалім санатын көтеру үшін тест тапсыруға көмектесетінін айтқан. Алайда жәбірленуші өзінде ондай ақша жоқ екенін айтқан кезде күдікті өзінің алаяқтық схемасын соңына дейін жеткізуге тырысып, онымен қайта байланысып, алдымен 50 мың теңгені, ал кейінірек қалған соманы аударуды ұсынған. Жәбірленуші аталған соманы аударған.

Күдікті сол сияқты тағы 3 адамды алдап, 500 мың теңге көлемінде жалпы материалдық шығын келтірген.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары