Шу – Бурылбайтал автожолы ақылы болады

/
Шу – Бурылбайтал автожолы ақылы болады
ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы  ҚР Көлік министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 133 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 13 мамырдан бастап республикалық маңызы бар «Шу – Бурылбайтал» автомобиль жолының 92,2-268 шақырымы ақылы болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 175,8 шақырым, ІІ-санат, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта бір жолақ.

Балама тегін жол  "Шу – Қайнар – Кенен – Қарабастау – Қаншеңгел – Ақсүйек – Бурылбайтал" автомобиль жолы арқылы ұсынылады.

Бұл учаскеде жеңіл көліктер үшін төлем алынбайды. Ал автобустар мен жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Сондай-ақ, төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары