Әскери бөлімше 52 млн теңгені желге шашқан

/
Әскери бөлімше 52 млн теңгені желге шашқан
istockphoto.com

Прокурорлар Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру дайындығын және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ-ін тексеру барысында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұзушылықтар азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде орын алған.  

Азық-түлік бағасын есептеу кезінде негізсіз арттыру, конкурс құжаттамасында қажетті ақпараттың болмауы, әртүрлі медициналық тауарлардың бір лотқа біріктірілуі және т.б. анықталды. 

Гарнизон прокуратурасының қадағалау актісі негізінде жалпы сомасы 52 млн теңгені құрайтын үш конкурстың нәтижелері заңсыз деп танылып, күшін жойды. 

Заң талаптарына сай жаңа конкурс рәсімдерін өткізу қамтамасыз етілді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары