Астанада 12 көше жабылды

/
Астанада 12 көше жабылды
gov.kz

Астанада ауа райы жылынған күннен бастап жол-құрылыс жұмысы қызу жүріп жатыр. Осыған байланысты көшелердің кейбір учаскелері жөндеу кезінде ішінара немесе толық жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бас қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жүріп жатқан жол учаскелерін көрсетті.

Толығымен жабылған көшелер:

  • 20 сәуірден 20 тамызға дейін – Бұқар Жырау көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейінгі учаскесінде (Кварталішілік жолдармен баламалы қозғалыс ұйымдастырылады);
  • 9 сәуірден 30 тамызға дейін – Күйші Дина көшесі Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін;
  • 29 сәуірден 30 тамызға дейін – Ж.Молдағалиев көшесі Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін (Қозғалыс балама көшелер мен кварталішілік жолдармен ұйымдастырылған);

Ішінара жабылған көшелер:

  • 11-18 мамыр аралығында – Күршім көшесі Болашақ көшесінен Жаңақоныс көшесіне дейін (Көлік қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 11-17 мамыр аралығында – Ш.Айтматов көшесі Ж.Молдағалиев көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 10-20 мамыр аралығында – Аркар көпірі (М1) (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 9-13 мамыр аралығында – Абылай хан даңғылы Манас көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 9-19 мамыр аралығында – М.Жұмабаев даңғылы Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 8-13 мамыр аралығында – Алаш тасжолы 191-көшеден 69-көшеге дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 5-15 мамыр аралығында – Кенесары көшесі Ә.Сембинов көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 1 мамырдан 1 тамызға дейін – Ш. Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырбасы (қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жолмен уақытша ұйымдастырылған);
  • 12-15 мамыр аралығында – Фахт бен Абдул Азиз және С.Қожахметов көшелері Ш.Бейсекова көшесінен К.Байсейітова көшесіне дейінгі учаскеде.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары