Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларs нәтижесінде полиция қызметкерлері тыйым салынған интернет-ресурстарға сілтеме арқылы есірткі жарнамасын қабырғаларға жазып жүрген адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру барысында ұсталған азаматтан бояу құралдары мен ұялы телефон тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
— Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын насихаттау мен жарнамалаудың кез-келген түрі — соның ішінде граффити түріндегі жарнама да — қылмыстық жауапкершілікке әкеледі және бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, — деді Алматы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды заңға қайшы әрекеттерден бас тартуға және мұндай құқықбұзушылықтар туралы дереу хабарлауға шақырады.