Енесінің атына несие рәсімдеген келін сотталды

/
Енесінің атына несие рәсімдеген келін сотталды
istockphoto.com

Абай облысында 28 жастағы келіншек енесінің келісімінсіз оның атына бірнеше несие рәсімдегені үшін сот үкімімен екі жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесілген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол әлеуметтік төлемдер аламын деген сылтаумен енесінің бет-әлпет биометриясы мен жеке деректерін пайдаланып, банк қосымшасы арқылы бірнеше несие алған.

Нәтижесінде ол енесіне 2,5 миллион теңгеден астам материалдық зиян келтірген.

Алайда сот шешіміне қарамастан және пробация қызметінің есебінде тұрған кезде, ол өзіне тиісті қорытынды жасамаған.

Жаза өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзып, пробация қызметіне тіркеуге келмеген, тексеріс кезінде тұрғылықты мекенжайында болмаған, сондай-ақ электронды бақылау құралын тағудан бас тартқан.

Осы себепті оның бостандығын шектеу жазасы бір жыл үш ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

— Жазасын өтеу үшін сотталған әйел Абай облысындағы әйелдер колониясына жеткізілді. Қазіргі уақытта ол карантин бөлімінде, пробация қызметінде тұрған кезде сот шешімдерінің маңызын толық түсінбегеніне өкініш білдіруде. Ол бес баласына жақсы ана бола алмағанына өкінеді және бір күні балаларының кешіретініне үміттенеді. Карантин мерзімі аяқталған соң, ол пельмень цехына жұмысқа орналасып, жалақысынан сот үкімімен белгіленген өтемақыны төлейтін болады, – деді арнайы есеп бөлімінің бастығы Светлана Голикова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары