Десанттық-шабуылдау әскерінің 1600-ден астам жауынгері Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Жас сарбаз курсынан өтіп, Алматы, Жетісу және Қонаев гарнизондарындағы десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатарын толықтырған жас сарбаздар әскери ант берді.
Ант бергенге дейін жас сарбаздар әскери бөлімнің тарихымен және дәстүрлерімен танысып, қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, мемлекеттік-құқықтық, саптық және атыс дайындығын меңгерді.