Мемлекет басшысы Мәскеудегі Қызыл алаңда әскери шеруге қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.
Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.