Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайдың ушығуына байланысты қатты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Барлық тараптарды жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеу үшін барынша ұстамдылық танытуға шақырамыз. Қазақстан халықаралық және өңірлік жанжалдарды БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды, – делінген мәлімдемеде.
Еске салсақ, 7 мамырға қараған түні Үндістан Пәкістан аумағындағы террористік инфрақұрылымдарға соққы бергенін хабарлады. Бұған жауап ретінде Пәкістан да әскери әрекетке көшті.