"Анашымның аманатын жеткізгім келеді": Димаш Құдайберген жан тебірентерлік жазба жариялады

"Анашымның аманатын жеткізгім келеді": Димаш Құдайберген жан тебірентерлік жазба жариялады
Әншінің жеке парақшасынан

Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі жеке парақшасында әжесімен бірге түскен суретін жүктеп, жанкүйерлерге алғысын білдірді.

"Үйде жүріп, суретке түсуге өзім сұранатын сәттер өте сирек болады. Бірақ осы жолы сіздерге анашымның аманатын жеткізгім келеді: анам бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріме жүрек жарды алғысын айтып, сіздердің үздіксіз қолдауларыңыз бен жылы сөздеріңіз үшін ерекше ризашылымды жеткіз деді. Сіздерге шын ниетпен сәлем жолдап, әрқайсыңызға бақыт, денсаулық және бейбіт өмір тілеймін дейді", — делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары