Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Қытайдың Шанхай қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Халықаралық турнирде ел намысын үш спортшы қорғайды.
Ерлер арасындағы жарысқа Ғалым Нұрымов пен Тимофей Семенов қатысады.
Әйелдер арасында жүлде үшін Софья Актаева таласады.
Гран-при 16-18 мамыр аралығында өтеді.